KZNews.kz
Жаңалықтар

Бүгін Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісованың туған күні

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Бүгін қазақ эстрадасының көрнекті өкілі, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісованың туған күні, деп хабарлайды kznews.kz.

Әнші 1963 жылы дүниеге келген. Ол – Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Жігер" фестивалінің, Халықаралық "Азия дауысы" байқауының лауреаты, сондай-ақ беделді "Тарлан" сыйлығының иегері. 

Мақпал Мұхамедиярқызы Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданында туған. Шымкент мәдениет институтын тәмамдаған. Өнер жолын әйгілі "Гүлдер" ансамблінің құрамында халық әндерін орындаушы ретінде бастап, кейіннен "Қазақконцерт" бірлестігі жанынан "Назерке" ансамблін құрды.

Әншінің репертуарында қазақтың халық әндерімен қатар, заманауи қазақ композиторларының шығармалары да кеңінен орын алған. Мақпал Жүнісова әсіресе лирикалық әндерді терең сезіммен, өзіндік нақышпен орындауымен тыңдарман жүрегінен орын алып келеді.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары