Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бүгін – Ахмет Байтұрсынұлының туған күні

Бүгін – Ахмет Байтұрсынұлының туған күні

Бүгін, 5 қыркүйек — Алаш қозғалысының қайраткері, ғалым, түркітанушы, қазақ тілі білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

2017 жылы ҚР премьер-министрінің қаулысымен 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні - Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді. Үкіметтің «Қазақстан Республикасында мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Қазақстан халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланады. Бұған дейін Тілдер мерекесі 22 қыркүйекте атап өтілетін.

5 қыркүйекке ауыстыру себебі – бұл күні ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылдың 5 қыркүйегінде қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүние есігін ашқан. Қазақ үшін қасіретті 1937 жылдың 8 желтоқсанында Алматы қаласында өмірден озған. Қазақтың ақыны, тіл және әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш Орда өкіметінің мүшесі болған.

Автор
Әлихан

Журналист