“Байдың балаларын қорғаштайды”: Депутат ішкі істер оргаодарына “тазарту” жүргізуді ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Британдық сарапшылар: Коронавирус пандемиясы 2021 жылдың көктеміне дейін созылады - Қазақстан жаңалықтары

Британдық сарапшылар: Коронавирус пандемиясы 2021 жылдың көктеміне дейін созылады - Қазақстан жаңалықтары

Ұлыбританияның денсаулық сақтау жөніндегі сарапшылары коронавирус пандемиясы 2021 жылдың көктеміне дейін жалғасып, британдықтардың 80 пайызын қамтып өтетіндігін болжап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Алдағы 12 айдың ішінде Ұлыбритания тұрғындарының 80%-ы COVID-19 коронавирусына шалдығады. Олардың 15%-ына, яғни 7,9 млн-ға жуық азамат ауруханаға жатуға мәжбүр болады", - делінген британдық дәрігерлер жариялаған құжатта. 

Қазіргі таңда аталмыш құжат мемлекеттегі барлық ауруханалардың жетекшілеріне және бас дәрігерлеріне жолданған.

Сондай-ақ бұл құжатты Біріккен Корольдіктегі бір топ сарапшылар дайындап шыққаны айтылыпты. 

Мамандардың болжауынша, Ұлыбританияда ауру жұқтырғандардың саны өсе келе мамыр-маусым айларында шарықтау шегіне жетеді екен. 

Атап кетерлік жайт, ДДСҰ мәліметіне сәйкес, бүгінгі күні Ұлыбританияда ауруға шалдыққандардың саны мыңнан асып, жұқпалы індеттен 10 адам көз жұмған. 


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан