"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

БҚО-да нарколог дәрігер науқастарының жеке деректерін желіде жариялап жіберген

БҚО-да нарколог дәрігер науқастарының жеке деректерін желіде жариялап жіберген

Батыс Қазақстан облысында аудандық ауруханалардың бірінің дәрігері науқастарының жеке деректерін желіде жариялап жіберген. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дарьинское елді мекенінің тұрғыны Толғанай Сәтбай есімді дәрігердің желідегі видеоларына наразылық білдірді. Ер адам дәрігердің науқастардың жеке мәліметтерін ашық жариялап, дәрігерлік этиканы бұзғанына сенімді.

Видеолардың бірінде дәрігер расымен де компьютер экранынан науқастардың сауалнама деректері мен диагноздарын көрсететін құжаттарды ашып көрсетеді.

Жеке ақпараттардың тарап кетуінен басқа, ер адам дәрігердің “Дәрігерлер қалай билейді” атты видеодағы биіне де таң қалған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы дәрігердің әрекетіне қатысты пікір білдірді.

"Әлеуметтік желілерде құжаттар мен науқастардың фотосуреттерін немесе бейнелерін жариялауға қатаң тыйым салынады. Мұндай әрекеттер біздің медициналық ұйымдардың беделіне кері әсер етеді. Қазір аталмыш жағдай бойынша тексеру жүргізіліп, алдын алу әңгімелері өткізіліп жатыр. Біз жағдайды бақылауда ұстаймыз", – деді облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Алмас Жүнісбеков.

 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.