Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

БҚО-дағы өрт сөндіру бөлімі бастығының өлімі: Жаңа мәліметтер пайда болды

БҚО-дағы өрт сөндіру бөлімі бастығының өлімі: Жаңа мәліметтер пайда болды

Батыс Қазақстан облысында өрт сөндіру бөлімінің бастығы Ақан Нұрғалиевтің өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды.

Ақан Нұрғалиевті автокөлік үшін ұрып өлтірген болып шықты. Марқұмға ауыл тұрғынының өз көлігін бөлімше аумағына қойғаны ұнамаған. Қайғылы оқиғадан бұрын Ақан оған ескерту жасаған. Біраз уақыттан соң ер адам осында қайта келіп, төбелес бастаған. Бұл туралы "Астана" арнасы айтты

"30 жастағы азамат мас күйінде өрт сөндіру бөлімінің аумағына келіп, оған осы өрт сөндіру бөлімінің басшысын шақыруды талап етті. Сол жерде жүрген қызметкерлер басшыны шақырды, ол келген соң азаматпен сөйлесіп, қайтадан сөзге келіп, содан кейін төбелескен", - деді БҚО ПД аға инспекторы Диляра Сатарова.

Белгілі болғандай, төбелес қызметкерлердің көз алдында болған, бірақ олардың ешқайсысы жанжалға араласпаған. Олардың айтуынша, бұған Ақан Нұрғалиевтің өзі тыйым салған.

Еске салайық, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылында № 27 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Ақан Нұрғалиев ұрып-соғу кезінде алған жарақаттарынан қаза болды. Марқұмның бауыры Руслан Нұрғалиев тергеу амалдары жүргізілген кезде маңызды сәттер жіберіліп, қылмыскерлер бостандықта қалады деп алаңдайды.

БҚО ПД баспасөз қызметі аталған факті бойынша ҚР ҚК 160-бабы  "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Бір адам күдікке ілінген.  Ол қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Автор
Еркебұлан