Бақытгүл Хаменоваға қатысты жаза өзгертілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

БҚО-дағы бассыздық: Жасөспірімді зорлады деген шенеунік көз жұмды

БҚО-дағы бассыздық: Жасөспірімді зорлады деген шенеунік көз жұмды
Фото: ашықдереккөз

Батыс Қазақстан облысында 16 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталған бұрынғы шенеуніктің қайтыс болғаны жөнінде әлеуметтік желіде мәлімет тарады, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Онда марқұмның 16 наурызда дүниеден өткені, бейсенбі күні жерленетіні айтылған.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі мәліметті растады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 16 жастағы қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ БҚО-да бұрынғы шенеуніктің 16 жастағы қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынғаны хабарланды.

Орал қаласы мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен күдікті екі айға қамауға алынған болатын.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.