KZNews.kz
Аймақ

БҚО-да шенеунік кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталды: полиция мән-жайды айтты

Жарқын Омаров
Фото: RunPhoto/Getty Images

2 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысы аумағында полицияға 16 жастағы қызға қатысты құқыққа қарсы әрекеттер туралы хабарлама түсті. Кәмелетке толмаған қыздың әкесі аудандық әкімдік бөлімінің қызметкерін қызын зорлады деп айыптаған, деп хабарлайды kznews.kz.

Полиция департаменті ҚР ҚК-нің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы («Кәмелетке толмағанды зорлау») бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, кейін босатылған. Өтініш түскеннен кейін ол аудандық әкімдік бөліміндегі қызметінен босатылды.

БҚО ПД мәліметінше, тергеу барысында хат алмасулар және іс үшін маңызды өзге де деректер зерттелген.

Полицияның хабарлауынша, кәмелетке толмағанға қатысты күш қолдану фактісі анықталмаған.Қыз бен оның анасы күдіктіге қатысты қандай да бір шағымдары жоқ екенін айтқан.Олар қарым-қатынастың өзара келісім негізінде болғанын мәлімдеген.

Қазір тергеу амалдары жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес (тергеу құпиясы) іс бойынша мәліметтер жария етілмейді. Іс полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →