Оқиға Торайғыров көшесі, 77 мекенжайында, EVA сұлулық салонының жанында болған. Әлеуметтік желілердегі мәліметке сүйенсек, белгісіз әйел 2012 жылы туған қызды шашынан тартып, жерге құлатып, дене жарақатын салған. Қыздың тізесі жырылып, қан кеткені хабарланды.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнында ересектер болғанымен, ешкім араша түспеген.
Оқиға қоғамның алаңдаушылығын тудырды. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, күдіктінің жеке басы анықталғанын хабарлады.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 109-1-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жәбірленушіге психологтың көмегі ұсынылды», – деді ол.
Қазір полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.