Парашюті ашылмай қалып көз жұмған 18 жасар сарбаздың өліміне кінәлілер сотталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Белгісіз жандар кәмелетке толмаған қызды ұрлап, 2,5 жылдан бері құлдықта ұстап отыр

Белгісіз жандар кәмелетке толмаған қызды ұрлап, 2,5 жылдан бері құлдықта ұстап отыр
Фото: depositphotos.com

Мексикада ресейлік қыз ұрланып, 2,5 жылдан бері құлдықта отыр деп хабарлайды kznews.kz РЕН ТВ арнасына сілтеме жасап.

Оқиға 2023 жылы, қыз 15 жаста болған кезде орын алған. Мектеп оқушысын белгісіз адамдар анасының көз алдында күшпен микроавтобусқа отырғызып әкеткен. Көліктің сыртында DIFEM (жергілікті қамқоршылық қызметі) деген жазу болған. Қыздың анасы — Санкт-Петербург консерваториясының түлегі Марина Романова.

Әйелдің айтуынша, белгісіз адамдар қызын белгісіз бағытқа алып кеткен. Алайда қамқоршылық органдары оған іс материалдарын ұсынбаған. Марина Романова штат губернаторына хат жазып, араласуын сұрағанымен, нәтиже болмаған. Полиция да оның арызын қабылдамаған соң, ол Ресейдің Сыртқы істер министрлігіне, Адам құқықтары жөніндегі комиссияға және Қызыл Крестке жүгінген.

Көмек тек ресейлік дипломаттар тарапынан көрсетілген. Болжамдардың біріне сәйкес, қызды ұрлауға құқық қорғау органдарымен байланысы бар Тихуана картелінің қатысы болуы мүмкін.

2026 жылдың наурыз айында Мексиканың Мәскеудегі елшісі Эдуардо Вильегас Мехиас Ресей СІМ-іне шақырылып, баланы қайтару мәселесі талқыланған. Алайда бұл келіссөздер де нақты нәтиже бермеген.

Қыздың ата-анасы уақыт өтіп бара жатқанына алаңдаулы. Олар қызы 18 жасқа толғанда оны құлдыққа сатып жіберуі мүмкін деп қауіптенеді. Сонымен қатар, оны балалар тууға мәжбүрлеп, кейін оларды қара нарықта сатуы мүмкін деген күдік бар.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер