KZNews.kz
Қоғам

БҚО-да 10 жасар қыздың зорлануы бойынша шенеуніктер де тергеліп жатыр

Ayzhan Sylanova

Батыс Қазақстан облысында 10 жасар қызға қатысты зорлау оқиғасынан кейін бірқатар шенеуніктерге қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды kznews.kz.

БҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше:
«Қазіргі таңда облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасына жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің салғырттығы бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша қылмыстық іс тіркелген».

Алдын ала деректер бойынша, қылмыс мектепке баратын жолда болған. Тергеу органдары шенеуніктердің ағаштарды уақытылы кеспеуі және жол жиегін жарықтандыру мәселесін шешпеуі салғырттық ретінде қарастырылып отырғанын атап өтті.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары