KZNEWS.KZ
Саясат

Бозымбаев: өңірлерде үш рет әкім болдым, жастарға жол беру керек

Айгерім Асылова
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алатау қаласын басқаруы мүмкін мамандарға қатысты пікір айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында: «Қанат Алдабергенұлы, Алатау қаласындағы жобалардың басы-қасында жүрсіз. Болашақта осы Alatau city „ақылды қаланың“ әкімі болуыңыз мүмкін бе?» деген сұрақ қойылды.

Өз кезегінде Қ. Бозымбаев мұндай болжамнан хабарсыз екенін айтты.

    — Мен осыған дейін өңірлерде үш рет әкім болдым. Жалпы, жастарға жол беру керек деп санаймын, — деді Премьер-министрдің орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы қаралды.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →