"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Бөтелкелердегі ауыз судың барлығы уланған": Ақпарат елдің үрейін ұшырды

"Бөтелкелердегі ауыз судың барлығы уланған": Ақпарат елдің үрейін ұшырды

Қазнет қолданушылары елдегі ауыз судың, оның ішінде бөтелкедегі судың уланғаны туралы ақпарат таратуда, деп хабарлайды Stopfake.kz басылымы.

Дыбыстық хабарлама авторы судағы у туралы құпия ақпаратты таныс вирусологтан білгенін, сондай-ақ еліміздің ауруханаларында уланудан зардап шеккен балаларға қосымша орындар мен бокстар дайындалғанын айтады.

Бұл ақпаратты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.

“Бұл фейк ақпарат. Халықты қауіпсіз ауыз сумен қамту мәселесі Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің ерекше бақылауында және ұдайы назарда”, – деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, ауыз судағы у туралы хабарлама Ресей мен Қазақстанның қалаларында кеңінен тарады. Осыған ұқсас фейкті біз ағымдағы жылдың сәуір айында жоққа шығарған болатынбыз.

Автор
Айбар