"Жақында бәрі өзгереді": Назарбаевтың жиен немересі шұғыл үндеу жасады (ФОТО)
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Фото: жеке мұрағаттан

Үйқамақта отырған журналист Ботагөз Омарова «ВД Строй-Инжиниринг» ЖШС-не қатысты бұрын жариялаған мәліметтерін ресми түрде теріске шығарды, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Мәлімдемеде Омарова 2026 жылдың ақпан-наурыз айларында компания мен оның директоры Азамат Үсімбековке қатысты қызметкерлерге жалақы мен қарыз төленбегені жөнінде жалған ақпарат таратқанын мойындаған. Ол бұл әрекеті үшін өкініш білдіріп, кешірім сұрады.

Журналистің айтуынша, жарияланған мәліметтер компанияның іскерлік беделі мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірген. Сонымен қатар ол Қылмыстық кодекстің жалған ақпарат таратуға қатысты 274-бабын бұзғанын түсінетінін мәлімдеген.

Еске салайық, Ботагөз Омарова наурыз айында полицияға шақырылып, кейін екі айға үйқамаққа алынған еді. Кейін ІІМ вице-министрі Санжар Әділов журналистке қатысты тергеу аяқталғанын және істің сотқа жолданатынын хабарлаған.

Айта кетейік, журналистер қауымы Қылмыстық кодекстің 274-бабы қысым құралына айналғанын айтып, оны қылмыстық құқық бұзушылық санатынан алып тастауды ұсынып келеді.

Осылайша журналиске қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.