Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Боранға байланысты бірқатар өңірлерде жолдар жабылды

Боранға байланысты бірқатар өңірлерде жолдар жабылды

Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Алматы облыстарында қар еріп, еріген су ағыны орын алады.

Еліміздің бірқатар өңірлерінде қалың қар жауып, боран соғуда, деп хабарлайды Zakon.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Көктайғақ пен күшті жел де жұртшылықты әлекке салды.

"Қазавтожол" хабарлағандай, "Астана-Петропавл" бағытындағы тасжол жабылған. Қатты боран мен көктайғақ барлық көлік түрлерінің қозғалысын тежеді.

Ауа райының бұзылуы "Астана-Қарағанды" бағытындағы жол қатынасына да әсер еткен. Елордадан Атбасарға, Павлодарға бағыт алған қоғамдық және жүк көліктеріне де шектеу қойылды.

Қазір Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай облыстарында да жолдар жабылды. Ал оңтүстік өңірлерде "Қазгидрометтің" хабарлауынша, жаңбыр жаууы ықтимал.

Ел шығысында, сондай-ақ Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Алматы облыстарында қар еріп, еріген су ағыны орын алады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!


[ad_2]
Zakon.kz
Автор
Санжар