KZNews.kz
Спорт

Боранбаев «Қайрат» Чемпиондар лигасында қанша ақша тапқанын айтты

Ayzhan Sylanova
Фото: Instagram/kairat4

Алматылық «Қайрат» футбол клубының иесі Қайрат Боранбаев командасының Чемпиондар лигасындағы тарихи маусымынан түскен табысты жария етті, деп хабарлайды kznews.kz.

Бизнесменнің айтуынша, клуб еуропалық турнирден жалпы 35 миллион еуро (шамамен 21 миллиард теңге) көлемінде кіріс алған. Бұл соманың құрамына УЕФА-ның сыйақылары, демеушілердің қаржылай қолдауыжәне билет сатылымдарынан түскен табыс кіреді.

«Бүкіл Чемпиондар лигасы циклы бойынша шамамен 35 миллион еуро табыс түседі. Бұл сомаға спонсорлардың қаражаты, билет сатылымы және УЕФА-дан берілетін сыйақылар кіреді. Барлығын қосқанда шамамен 21 миллиард теңге болады», – деді Боранбаев журналист Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында.

Боранбаев атап өткендей, мұндай табыс қазақстандық футбол тарихында алғаш рет тіркеліп отыр және бұл — клубтың халықаралық деңгейдегі беделін арттырған маңызды кезеңдердің бірі.

Қазіргі таңда «Қайрат» Чемпиондар лигасының төрт тур қорытындысы бойынша жалпы есепте 34-орында тұр. Команда әзірге бір ұпай ғана жинағанына қарамастан, еуропалық аренадан мол тәжірибе мен табыс әкелген маусымды өткеріп жатыр.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары