KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

“Боқтағанымды мойындаймын”: Актер Асқар Жұмабековті әріптесі өзіне шабуыл жасады деп айыптады

• Айжан Сыланова
Фото: әлеуметтік желіден

Актер Асқар Жұмабековты әлеуметтік желіде Айнұр Нарзиева есімді бойжеткен өзіне шабуыл жасады деген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды kznews.kz.

Алайда актер бұл айыптаулармен келіспейтінін айтып, өзінің нұсқасын ұсынды. Оның сөзінше, екі тарап арасында жанжал болғаны рас, бірақ ол ешқандай күш қолданбаған. Асқар Жұмабек тек эмоцияға беріліп, қарсы тараптың өзіне ауыр сөздер айтқанына жауап ретінде боқтағанын мойындады.

"Жанжал болғаны рас, боқтағанымды мойындаймын. Бетіме қарап мені боқтап тұрған адамға үндемей тұра алмаймын. Табиғатым сондай! Мені оятып жіберші дегенім өтініш еді! Ақтап алу, даттап алу әрқашан сіздердің қолдарыңызда ғой. Мен де адам баласымын, тікелей ол қызға ешқандай бір жаман ойым, жаман ниетім жоқ. Бір Аллаға тапсырдым", – деп жазды актер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Асқар Жұмабек 2023 жылы төбелеске қатысқаны үшін 6,5 жылға сотталған болатын. Кейін жаза мерзімі қысқартылып, айыппұл төлеу арқылы бостандыққа шыққан.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →