Боливияда ұшақ апатынан кейін үш әйел мен бір бала 36 сағат бойы қолтырауындардың арасында көмек күткен

Ұшақ көлге құлаған соң ішіндегі адамдар өз күшімен шыққан
Боливияның Амазонка алқабында орын алған әуе апатында үш әйел мен бір бала 36 сағат бойы қауіптің ортасында көмек күткен. Олардың арасында ұшқыш та бар, деп хабарлайды Kznews.kz.
Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, жеңіл моторлы ұшақ Амазонка өзенінің бойындағы аймаққа шұғыл қонуға мәжбүр болған. Өйткені, ұшақтың қозғалтқышы істен шыққан. Апат кезінде ұшақ толығымен суға батып кеткен, абырой болғанда, ішіндегі адамдар ішінен аман-есен шығып, ұшақтың үстіне мініп алған.
Аман қалғандар арасында үш әйел, бір бала және ұшқыш бар. Олар 36 сағат бойы жан-жағында қолтырауындар жүретін өзеннің ортасында көмек күткен.
Оқиғадан кейін Боливия үкіметі шұғыл құтқару операциясын ұйымдастырды. Бірақ ұшақтың нақты орнын анықтау қиынға соқты. Ақыры, құтқарушылар апат орнын анықтап, аман қалғандарды эвакуациялады.
Ресми дереккөздер олардың өміріне қауіп төніп тұрмағанын хабарлады. Медициналық тексеру нәтижелері бойынша жолаушылар мен ұшқыштың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды.