Оқырман таңдауы - 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Болашақтың" түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

"Болашақтың" түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

Парламент мәжілісінде “Аmanat” партиясының атынан жаңа депутат қосылады. Ол оқу-ағарту министрі болып тағайындалған Жұлдыз Сүлейменованың орнына келеді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"AMANAT" партиясының Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен Парламент Мәжілісінің партиялық тізім бойынша бос мандат Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Әбутәліп Мүтәліге берілді. Тиісті шешім Орталық сайлау комиссиясына жолданды. 

Әбутәліп Мүтәлі — "Болашақ" бағдарламасының түлегі. Ол цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект бағытында еңбек етіп жүрген білікті маман.

 

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.