«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Болашақта түбегейлі қоямын": Мөлдір Әуелбекова неліктен өнерді қойғысы келетінін айтты

"Болашақта түбегейлі қоямын": Мөлдір Әуелбекова неліктен өнерді қойғысы келетінін айтты

Отандық әнші Мөлдір Әуелбекова осыдан біраз уақыт бұрын Instagram парақшасында болашақта өнерді түбегейлі қоятынын айтқан болатын. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасына келіп, осы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

"Маған сондай сұрақ қойған. Мен "мүмкін" деп жауап бердім. Сонымен ол желіде қатты таралып кетті. Сол себепті ол қате таралып кетті. Осы 2023 жылы сахнада жүргеніме 19 жыл болыпты. Құдай қаласа, келесі жылы сахнада жүргеніме жиырма жылдық мерейтой. Мысалы, мен 70-80 жасқа келгенде гастрольдік сапарда ұшып-қонып жүргім келмейді. Сол себепті болашақта болатын дүние. Мен хайп жасауға қарсымын. Себебі, хай жасалған кезде, жазылатын жаман пікірге өзің себеп болып тұрасың", - деді Мөлдір Әуелбекова. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде оқырман сауалына жауап беріп, өнерді мүлде қоятынын айтқан болатын. "Өнерді болашақты түбегейлі қоямын", - деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.

Автор
Еркебұлан