«Шымкенттен арнайы шақырған»: Леңгірде жігітін өлтірген 15 жастағы қыз сотталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бокстан ерлер құрамасының барлық жаттықтырушылары жұмыстан шеттетілді

Бокстан ерлер құрамасының барлық жаттықтырушылары жұмыстан шеттетілді

Қазақстан бокс федерациясы кадрлық өзгерістер туралы хабарлады.

"Париждегі олимпиада қорытындысы бойынша жаттықтырушылар кеңесі өтті. Бокстан ерлер құрамасының жаттықтырушылар құрамы жұмыстан толығымен шеттетілді. Қазақстан бокс федерациясының шешімі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері Комитетімен келісілді", - делінген федерация хабарламасында.

Бас бапкер Мырзағали Айтжанов пен жаттықтырушылар штабының 10 маманы қызметтен босатылды, сондай-ақ Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Әзиз Қожамбетов қызметінен кетті.

Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі лауазымына бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов тағайындалды.

Фото: ашықдереккөз

Автор
Еркебұлан