Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Боксшы ұлына сыйлық алып беру үшін чемпиондық белбеуін сатып жатыр - Бір үзік

Боксшы ұлына сыйлық алып беру үшін чемпиондық белбеуін сатып жатыр - Бір үзік

Шотландиялық боксшы Ронни Кларк ұлына Рождествоға сыйлық алып беру үшін Халықаралық бокс федерациясының (IBF) чемпиондық белбеуін сатып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі World Boxing News басылымына сілтеме жасап.

"Ақпанда IBF нұсқасы бойынша екінші жартылай орта салмақта жеңіп алған белбеуімді сатамын. Қарсыласым жарақат алуына байланысты келесі жекпе-жек өтпейтін болды. Ұлыма Рождествоға сыйлық алуға ақшам жоқ, сондықтан сатып жатырмын", - дейді Кларк.

Сондай-ақ, боксшының қолтаңба беріп, белбеуді сатып алушының қолына өзі бере алатыны айтылады. Белбеудің бастапқы бағасы - 1 050 фунт (493 мың теңгеден аса).

Автор
Бауыржан