Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алаяқтықпен айналысатын сайт "Астана Опера" қойылымдарына жалған билеттер сатып жатыр - Ел жаңалықтары

Алаяқтықпен айналысатын сайт "Астана Опера" қойылымдарына жалған билеттер сатып жатыр - Ел жаңалықтары

Интернет желісінде "Астана Опера" МОБТ спектакльдері мен концерттеріне жалған билеттер сату бойынша алаяқтықпен айналысатын сайт пайда болды.

Театрдағылардың айтуынша, https://astana-opera.kz/ жалған сайтынан билеттер алған елорда тұрғындары алаяқтардың құрбаны болғаны туралы хабарлаған. "Астана Операның" басшылығы баршаны сақ болып, билеттерді тек театрдың http://astanaopera.kz/ ресми сайтынан сатып алуға шақырды, себебі сол билеттер ғана жарамды болып табылады.

"Қазіргі уақытта орын алған жағдайды заң шеңберінде тұрақтандыруға бағытталған әрекеттер мен жалған сайттың иелерін анықтау бойынша шұғыл шаралар қабылдануда", - деп атап өтті театр дирекциясы.

Айта кетейік, опера және балет өнеріне деген қызығушылық жыл санап артып келеді және "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының барлық қойылымдары үлкен аншлагпен өтеді.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz
Автор
Бауыржан