ка

Пакьяо Бронерді жеңіп, чемпиондық белбеуін сақтап қалды - Бокс

20.01.2019 15:14
0
58
Пакьяо Бронерді жеңіп, чемпиондық белбеуін сақтап қалды - Бокс

Жартылай орта салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Мэнни Пакьяо (60-7-2, 39 КО) титулдық белбеуін сақтап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл атаққа төрт дивизионда чемпион болған америкалық 29 жастағы Эдриен Бронер таласқан еді. 

Олардың жекпе-жегі Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өтті және осы кездесуді АҚШ-тағы Showtime телеарнасы арқылы ақылы түрде көрсетілді. 

Боксшылар толық 12 раунд бойы жұдырықтасты. Пакьяоның жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтауға мүмкіндігі болды. Соңында төрешілер жеңісті (117-111, 116-112, 116-112) филиппиндік боксшыға берді. 

Айта кетейік, 40 жастағы Пакьяо - тарихта сегіз салмақ дәрежесінде чемпион атанған жалғыз боксшы. 

Бұл оның 70-ші жекпе-жегі және 61-ші жеңісі. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий