Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) мәліметінше, мұндай жағдайдың алдын алуға да болар еді. Бұған дейін агенттік 37-ден астам блогерге қатысты материалдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін уәкілетті органдарға жолдаған болатын.
Сенаттағы брифинг кезінде журналистер ҚМА төраға орынбасары Женис Елемесовтен Жанабыловтар ісі не себепті сотқа дейін жеткенін сұрады.
Елемесовтің айтуынша, мұның бәрі блогерлердің өз ұстанымына байланысты болған:
«Егер адам әкімшілік жазаға келіспей, сот арқылы қарауды талап етсе, іс уәкілетті органда емес, сотта қаралады. Бұл әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте нақты көрсетілген», — деді ол.
Сол себепті, Жанабыловтар әкімшілік жазамен келіспей, өтініш бергеннен кейін материалдар сотқа жолданып, кейін экономикалық тергеу департаментіне берілген.
Бүгінде Қаржы мониторингі агенттігі блогерлерге қатысты Қылмыстық кодекстің 214-бабының 1-бөлігібойынша іс қозғағаны белгілі болды.