KZNews.kz
Шоу-бизнес

Блогер Ырысбала Икрамбайға қатысты тексеріс басталды

Ayzhan Sylanova
Фото: әлеуметтік желіден

Оның айтуынша, Туризм және спорт министрлігінен ресми хат түскен. Құжатта блогерден «жүргізіп отырған іс-әрекетіне түсініктеме беру» талап етілген.

«Таңертең министрліктен хат келді. Күйеуімнің туған күніне тосынсый болды. Өткен жылы да осындай тексеріс болды. Ол кезде Астанаға арнайы барып, құжаттарымды көрсетіп, ісімнің заңды екенін дәлелдегенмін. Қорғаушысыз сотқа қатыстым. Қашан да істеп жүрген ісіме жауап беруге дайынмын», – деді Ырысбала.

Сондай-ақ ол мұндай тексерістер табысына теріс әсер етпейтінін, керісінше халықтың қолдауы арқасында кірісі артып отырғанын атап өтті.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары