Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бизнес орталықта атыс болып, төрт адам қаза тапты

Бизнес орталықта атыс болып, төрт адам қаза тапты

Сәрсенбіде Калифорниядағы Оранж қаласында болған атыстан кем дегенде төрт адам қаза тауып, екеуі жараланды. Бұл туралы полицияға сілтеме жасап MSNBC телеарнасы хабарлады деп жазды ТАСС агенттігі.

Оқиға бизнес орталықта болған. Полиция «жағдай тұрақталды, халыққа қауіп жоқ» деп атап өтті.

Бұл бір ай ішінде адам өлімімен аяқталған үшінші атыс. Атлантада, Джорджия мен оның маңында 16 наурызда 21 жастағы Роберт Аарон Лонг массаж салондарына бірнеше шабуыл жасап, жеті адамды өлтірді. Содан кейін 21 жастағы Ахмад Алисса 22 наурызда Боулдердегі супермаркеттің жанында оқ жаудырып, 10 адамды, оның ішінде полицейді өлтірді. Осы оқиғадан кейін АҚШ президенті Джо Байден жаңа үкіметтер елде шабуылдаушы атыс қаруын сатуға және сатып алуға тыйым салуға ұмтылатынын айтты.

Автор
Еркебұлан