Әлеуметтік желіде белгілі шоумен Тұрсынбек Қабатовтың қызына қатысты дау қызу талқыланып жатыр. Нақтырақ айтсақ, ол өзінің қызы Әдемінің орнына грантта оқитын Сымбат Қанай деген студентті ҰБТ-ға кіргізіп, жоғары балл алуды көздеген.
Бұл туралы әлеуметтік желіге видео жариялаған Тұрсынбек Қабатов:
"Армысыздар құрметті Отандастар! Кешелі бері қызу талқыланып жатқан келеңсіз оқиғаның шын мәнісінде қалай болғаны туралы түсіндіре кеткенді жөн санадым. Ата-ана ретінде бұл оқиға бізге де өте ауыр тиіп отыр. Қолдау білдіріп жатқан жандарға зор рахмет" деп жазды.
Видеодағы әңгімеден түсінгенімізше жалған құжатты Қабатовпен сөйлесіп отырған кісі жасатып, ата-ананың рұқсатынсыз ҰБТ-ға басқа адам кіргізген. Әзілкеш бұл жағдайдан еш хабары жоқ адамның кейпін танытады.