Танымал актриса Гүлбаһрам Байбосынова желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
"Жүрегіміз үндесіп махаббат әлеміне қадам басқанымызға бүгін 3 жыл! 36 ай. 1095 күн. 26 280 сағат. Осы уақытта небір сәттерді бастан өткердік. Қуаныш та, қайғы да болды. Бірақ біз бәрін бірге кештік. Ұстасқан қолымыз еш ажыраған емес. Егер де уақыт кері айналса, мен ойланбастан Қазбегімнің ұсынған жүрегін қайтадан қабыл алар едім. Маған нағыз махаббаттың қандай болатынын көрсетіп, әр күнімді бақыт пен шаттыққа толтырып, әрқашан қолдауыңды аямағаның үшін рақмет саған, жүрегім. 13-қараша күні шаңырақ көтергенімізге 3 жыл толды! Пікірде құттықтауларыңызға рұқсат", – деп жазды Гүлбаһрам Байбосынова.