"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Биыл Астана күнін тойлау шығыны 3 есе азаяды

Биыл Астана күнін тойлау шығыны 3 есе азаяды

Нұр-Сұлтанда елорда күнін мерекелеу шығыны үш есе қысқарды. Шетелдік және отандық жұлдыздардың қатысуымен жыл сайынғы өтетін оpen-аir мен ірі іс-шаралар өтпейтін болды, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

"Елорда күнін мерекелеу аясында жыл сайын 300-ден астам іс-шара өткізілді, алайда биылғы жылы мерекелік іс-шараларға арналған бюджет үш есеге қысқарды. Шығындарын оңтайландыру мақсатында қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін  ашық аспан астындағы гала-концерт, елорданың негізгі нысандарында жаппай қыдыру және басқа да қымбат шаралар өтпейді", - деп атап өтті ОКҚ брифингінде Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Ерлан Қаналимов.

Оның айтуынша, бюджетті шығынын азайту ұзақ уақыттан бері жоспарлануда. Ол Арыс трагедиясына байланысты емес.

Сонымен қатар, оның айтуынша, мерекеліксалют үш алаңда болады. 6 шілдеде елордада 100-ге жуық іс-шара өтеді, оның 73-і тегін. Елорда күні мерекесін толығымен тоқтатуға болмайды деп атап өтті ол.

"Елорда күні 21-ші рет атап өтіледі, бұл астаналық тұрғындардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың сүйікті мерекесі. Төрт күн демалыста бізге барлық облыстардан көптеген адамдар келеді. Шетелдік туристер келеді, қандай жағдай болмасын бізге демалыс керек", - деді әкімнің орынбасары.

Брифингтен кейін ол биыл 300-400 миллион теңге мерекені өткізуге жұмсалатындығын түсіндірді.

"Бұл қаражат тек қана шараға ғана емес, сондай-ақ көркемдеу, қауіпсіздік және басқа да дайындық жұмыстарын қамтиды. Бұл өткен жылдарға қарағанда әлдеқайда аз", - деді Қаналимов.


stan.kz
Автор
Әлихан