Instagram-дағы кадрларда электр жарығының болмауына байланысты мекеме кіреберісінде адамдардың жиналғаны көрінеді. Myastanacity парақшасының мәліметінше, мейрамхана әкімшілігі жарықты өзін бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әпкесі ретінде таныстырған әйел өшіргенін айтқан.
"Жалға алушылардың сөзіне қарағанда, ол еш ескертусіз келіп, ішке кіріп, жарықты сөндіріп кеткен", – делінген дереккөз хабарламасында.
Мейрамхана өкілдері Бишімбаевтар отбасы 2023 жылғы қайғылы оқиғадан кейін – "Гастроорталықта" Салтанат Нүкенова қаза тапқан соң – 2024 жылдың көктемінде ресми түрде кешен құрылтайшылары қатарынан шығарылғанын айтады. Алайда жалға алушылар бүгінгі жағдай бұл ақпаратпен үйлеспейтінін алға тартады.
"Егер отбасының кешенге ресми қатысы жоқ болса, олардың туыстары біздің жұмысымызға неге әлі де араласады?" – дейді ZIMA әкімшілігі.