Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бишімбаевтың әкесі жеке университет ашатыны рас па – Министрлік жауап берді

Бишімбаевтың әкесі жеке университет ашатыны рас па – Министрлік жауап берді

Желіде әйелін өлтіргені үшін сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев Таразда Bishimbayev University брендімен жекеменшік университет ашып жатыр деген ақпарат пайда болды. Ғылым және жоғары білім министрлігі ақпараттың қаншалықты рас екеніне жауап берді.


Министрлік "Білім туралы" заңға сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы кез келген білім беру қызметі лицензиялауға жататынын еске салды. Тиісті лицензияларды, сондай-ақ оларға қосымшаларды беру министрліктің құзыретіне жатады.

"Министрлік Bishimbayev University-дің білім беру қызметімен айналысуға лицензия алу мүмкіндігі жоқ екенін хабарлайды. Сондай-ақ электронды лицензиялау ақпараттық жүйесінде ондай сұрау болмаған", – делінген ведомствоның жауабында.

Автор
Нұрсұлтан