Қазақстандағы ең қымбат мектеп бітіру кеші қалай өтті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Біржан Хасанғалиевке қатысты қуанышты хабар тарады

Біржан Хасанғалиевке қатысты қуанышты хабар тарады
ашық дереккөзден

Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінде жаңа басшы таныстырылды. Колледж директорының міндетін уақытша атқарушы болып Хасанғалиев Біржан Ескендірұлы тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz.

Тиісті бұйрыққа Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қол қойған.

Бүгін жаңа басшыны колледж ұжымына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің аппарат басшысы Мұхаметқали Ринат Закиұлы ресми түрде таныстырды.

Кездесу барысында ұжым мүшелері Біржан Ескендірұлын жаңа қызметімен құттықтап, жауапты жұмысына табыс тіледі. Сондай-ақ оның алдағы бастамаларына сәттілік және шығармашылық жетістіктер тіледі.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер