KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Біржан Хасанғалиев жаңа қызметке тағайындалды

• Қайсар Қанат
Біржан Хасанғалиев. Фото: instagram.com/qazaq_philharmonic

Біржан Ескендірұлы Хасанғалиев "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы" РМҚК директорының менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы Біржан Хасанғалиевтің Instagram парақшасында жарияланды.

Мәліметке сәйкес, тағайындау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің шешімімен жүзеге асқан.

"Біржан Ескендірұлын жаңа қызметімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт, толағай табыс және жаңа белестер тілейміз! Жаңа қызметіңіз жемісті болсын!" – делінген хабарламада.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →