«Сергек» – құрал ғана: «Әділет» партиясы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға шақырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Біртүрлі бұйрық: Белгілі журналист министрге шағымданды

Біртүрлі бұйрық: Белгілі журналист министрге шағымданды
Әлеуметтік желідегі парақшасынан

Қазіргі кезде үйіңізге жедел жәрдем қызметкерлерін шақыра қалсаңыз, қолдарына қобдишасын ұстаған қос фельдшер төріңізге аяқ киімін шешпей кіре береді, өйткені салалық министр сондай бұйрық шығарған көрінеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Осы жағдайды белгілі журналис Жарас Кемелжан желідегі парақшасына сынап жазды.

- Жедел жәрдем қызметкерлеріне үйге аяқ киіммен кіру керек" деген бұйрық шығарған денсаулық сақтау министрлігінің назарына!

Қызметкерлеріңіз аяғына бахила киюге не кедергі? Қаржы ма, әлде санитарлық талап па? Қазір жаз. Қыста, көктемде батпақта, жауын шашында бұлар үйге осылай қар, балшықпен кіре бере ме?

"Бұйрық қатты, жан тәтті" деп, дәрігерлер талаптарыңызға адал екен. Сол "біртүрлі" бұйрықтарыңызды жұмсартуға болмай ма? Мысалы, мен бахиламен кіруді талап етемін! - делінген арызда.

Бұған желі қолданушыларының бірі "Осы үшін талай дәрігерді кіреберістен қайтардық қой. Өзің берген бахилды да кимейді. Амал жоқ кіреберіске орындық қойып қоямын", десе, тағы бірі "Жаның үшін ешнәрсені аямайсың. Былғанған жер тазаланады. Әр секунд маңызды сәттер болады ғой..." дейді.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.