Көршілер бірнеше рет ескерткен: Ақтауда екі жасар бала көз жұмды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Біртановтың адвокаты қазақстандықтарға үндеу жасады

Біртановтың адвокаты қазақстандықтарға үндеу жасады

Денсаулық сақтаудың экс-министрі Елжан Біртанов қазақстандықтарға қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреді. Бұл туралы оның адвокаты Дмитрий Куряченко айтты.


Менің қорғауымдағы Біртанов Елжан бүкіл Қазақстандағы әріптестеріне және қоғам қайраткерлеріне, блогерлерге, журналистерге және осы қиын жағдайда оны қолдағандардың барлығына шын жүректен алғыс айтады.

"Бұрынғы министр үшін қазақстандықтардың қолдауы туралы білу маңызды болды. Бұл ол үшін үлкен мәртебе", - деді адвокат.

3 қарашада қаржы мониторингі комитеті Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Ол бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілініп, қамауға алынды.

Осыдан кейін Қазақстан дәрігерлері бірлесіп оны үй қамағына босату туралы хат жазды. Тіпті оны қолдауға арналған петиция басталды. Келесі кезекте Нұр-Сұлтан сотына белгілі дәрігерлер мен депутаттар кепілдеме берді. Нәтижесінде Біртанов 7 қарашада үй қамағына алынды.

Автор
Еркебұлан