"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Біртанов Қазақстандағы коронавирус мәселесі қашан басылатынын айтты - Қазақстан жаңалықтары

Біртанов Қазақстандағы коронавирус мәселесі қашан басылатынын айтты - Қазақстан жаңалықтары

Денсаулық сақтау министрі елдегі төтенше жағдай коронавирус пандемиясы басылмаса, одан әрі ұзартылуы мүмкін екендігін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі парақшасында жарияланды. 

"Төтенше жағдайдың ұзартылуы коронавирус инфекциясының Қазақстандағы эпидемиялогиялық жағдайға тікелей байланысты. 15 сәуірге дейін ауруға шалдығудың жолын кесеміз деп үміттенеміз. Осы кезде жағдай түзеледі", - деді Біртанов. 

Сөзінше, төтенше жағдайды тоқтату туралы шешімді мемлекет басшысы қабылдайды. 

"Мемлекеттік комиссия отырысы кезінде біз бұл тақырыпты күн сайын талқылаймыз. Әрине, егер мәселе одан әрі ушықса, керісінше, төтенше жағдайды ұзартамыз", -  деп қосты министр. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда ауру жұқтырғандың саны 79-ға жеткендігі туралы айтылған еді. 


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан