«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Біртанов коронавирус жұқтырған қазақстандықтар туралы айтып берді

Біртанов коронавирус жұқтырған қазақстандықтар туралы айтып берді

Коронавирус жұқтырғандардың біреуі Қазақстанға 9 наурызда, ал екіншісі 12 наурызда түнде ұшып келген

НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі коронавирусқа шалдыққан қазақстандықтар туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мен ол адамдардың жеке мәліметтерін айта алмаймын. Ол - заңның талабы. Біреуі - ер адам, екіншісі - әйел. Екеуі де Германиядан келген. Біріншісі 9 наурызда ұшып келген. Ал екінші пациент Қазақстанға 12-сінде, яғни кеше кешке қарай, негізі, бүгін түнде келді деуге болады", - деді Біртанов арнайы баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 9 наурызда ұшып келген борттағы барлық жолаушы анықталды. Олардың саны - 73 адам.

"Бізде тізім бар. Қазіргі кезде біз оларды оқшаулау шараларын бастап жатырмыз. Ал екінші ұшақ бүгін түнде ұшып келген. Бортта экипажбен бірге 12 адам болған. Оларды бірден Алматыдағы инфекциялық стационарға жатқызды", - деді ол. 


sputniknews.kz
Автор
Нұрсұлтан