Ақтөбеде шипажайда баланы сүлгімен сабаған тәрбиешіге байланысты комиссия қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ ол білім саласының қызметкерлері де жазаланғанын атап өтті. Ем қабылдап жатқан баланы ұрып-соққан екі тәрбиеші жұмыстан босатылыпты. Комиссияның тексеру жұмысынан соң психолог өз еркімен жұмысынан шыққан. Шипажайда тәрбие жұмысына жауапты қызметкер де 10 наурыздан бастап жұмыстан шығарылды.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде тәрбиеші баланы сүлгімен сабағаны жайлы айтылған еді. Артынша жәбір көрген баланың жетім екендігі айтылған. Өз кезегінде қатыгез тәрбиеші жеткіншектің өзіне қатысты балағат сөз айтқанын айтып ақталыпты.
stan.kz