"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бірі әйелі мен қызынан, екіншісі әйелі мен ұлынан айырылды: ШҚО-да жантүршігерлік апат болды

Бірі әйелі мен қызынан, екіншісі әйелі мен ұлынан айырылды: ШҚО-да жантүршігерлік апат болды

Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды. Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді.


 

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат 18 шілде сағат 15:10 шамасында Үржар ауданы "Мақаншы-Жалаңашкөл" автотрассасының 128/22 шақырымында болған. Geely, Kia Sportage және Лада автөліктері соқтығысқан.


"Апат салдарынан Geely маркалы көлік жүргізушісінің 48 жастағы әйелі мен 13 жастағы ұлы, сондай-ақ "Лада 21154-30" маркалы автокөлік жүргізушісінің 47 жастағы әйелі мен 18 жастағы қызы оқиға орнында қайтыс болды. Екі көліктің жүргізушісі мен Geely автокөлігінің жолаушысы дене жарақатымен Үржар ауданы Мақаншы ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілді", - делінген ақпаратта.

Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі ("көлікті басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлікті пайдалану қағидасын бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір оқиға орнында полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырады.

Автор
Айбар