Қазақстан әлемдегі ең бақуатты 70 елдің қатарына енді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Бірге жұмыс істеген. Ұл-қызымды елге көрсетем”: Марқұм фельдшердің жолдасы алғаш рет сұхбат берді

“Бірге жұмыс істеген. Ұл-қызымды елге көрсетем”: Марқұм фельдшердің жолдасы алғаш рет сұхбат берді
Фото: MadeniPortal.kz

Қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның бұрынғы жұбайы Әділет Зейнел әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатқан жағдайларға қатысты алғаш рет сұхбат берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Сұхбат «Қаймақкз» YouTube арнасында жарияланған. Онда Әділет Зейнелмен бірге оның анасы да көпшілікті алаңдатқан сауалдарға жауап берді.

Әділет Зейнел қазіргі жұбайымен қарым-қатынасы марқұмның қазасынан кейін бірнеше ай өткен соң басталғанын айтты. Оның сөзінше, олар сәуір айының соңы мен мамыр айының басында араласа бастаған. Сонымен қатар әлеуметтік желіде айтылып жүргендей, қазіргі жұбайы мен марқұм Ұлдана Мырзуан жақын құрбы болмағанын жеткізді.

«Біз сәуір айының соңы, тіпті мамыр айынан бастап араласа бастадық. Ол да жедел жәрдем қызметінде жұмыс істейді. Бірақ жұрт айтып жүргендей, олар ешқашан жақын құрбы болған емес. Екі жылда бір рет қана бір ауысымда бірге жұмыс істеген. Одан басқа аралас-құралас болмаған», – деді ол.

Сондай-ақ Әділет Зейнел қазіргі жұбайының қиын кезеңнен шығуына үлкен қолдау көрсеткенін айтып, оның өмірге деген құлшынысын қайта оятқанын жеткізді.

«Қазір күліп жүргенімнің басты себебі – Алла, анам және қазіргі әйелім. Ол менің өмірге деген құштарлығымды қайта оятты. Алдағы уақытта онымен бірге жаңа белестерді бағындырғым келеді», – деді ол.

Сұхбат барысында әлеуметтік желілерде тараған түрлі қауесеттер де сөз болды. Атап айтқанда, жұрт арасында үйлену тойының марқұмның қазасына бір жыл толмай тұрып өткізілгені және мұның қазіргі жұбайының жүкті болуына байланысты жасалғаны жөнінде пікірлер айтылған.

Әділет Зейнел бұл мәселеге қатысты нақты жауап бермей, әлеуметтік желіде тараған ақпаратты тікелей растаудан да, жоққа шығарудан да бас тартты.

«Қазір барлығы оның екі айлық жүктілігі туралы жарыса жазып жатыр. Мұның бәрін Аллаға тапсырдым. Егер Алла жазса, солай болады. Ондай жағдайда менен бақытты адам болмас еді. Ұлымды не қызымды баршаға көрсетіп, қуанышымды бөлісер едім», – деді ол.

Айта кетейік, соңғы уақытта Әділет Зейнелдің қайта шаңырақ көтеруі қоғамда қызу талқыланып, әлеуметтік желілерде түрлі пікірлер мен болжамдар айтылып келеді. Осыған байланысты берілген сұхбат көпшілік назарын аударды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.