Тақырыбы: Біратомды спирттердің құрылысы
Жоспар:
Басқа жай эфирлерді де спирттерді дегидраттап алуға болады. Мысалы, метанолдан диметил эфирі синтезделеді, ол газдың қайнау температурасы + 23,50 С :
СН3О Н+ НО СН3 → СН3 – о – СН3 + Н2О
Біратомды қаныққан спирттерге молекуласында көміртегі атомының дәл сондай саны бар жай эфирлер изомер болады.
Физикалық қасиеттері. Көпатомды спирттердің ең маңызды өкілдері – этиленгликоль және глицерин – суда жақсы еритін, түссіз, тәтті дәмі бар, қоймалжың сұйықтықтар. Бұл қасиеттер басқа көпатомды спирттерге де тән.
Өнеркәсіптік синтез. Сірә, мтил спиртін қанықпаған көмірсутекті гидраттау арқылы алуға болмайды (неліктен?) Оны көміртегі (ІІ) оксиді мен сутегі қоспасынан тұратын синтез – газын синтездеп алады. Синтез – газды жоғары температурады метан (табиғи газ) мен су буын өзара әрекеттестіру арқылы алынатыны бұрыннан мәлім.
Метил спирті синтез – газдан былай түзіледі:
СО + 2Н2 ↔ СН3 ОН + Q
Бұл синтезді өнеркәсіпте жүзеге асырудың ең қолайлы жағдайларын анықтап көрейік. Реакция қоспа көлемінің азайған бағытына қарай ығысады, сондықтан тепе – теңдіктің қажетті өнім түзілетін жаққа қарай ырғысуына қысымның артуы мүмкіндік туғызады. Реакция жеткілікті жылдамдықта жүруі үшін катализаторды пайдаланып, затты қыздыру керек. Бірақ реакция экзотермиялық болғандықтан, өте күшті қыздыру жылу сіңіре жүретін кері процестің жылдамдығын арттырады.
Осы факторлардың барлығын ескере отырып, спиртті өнеркәсіптік синтездеудің мынадай ең қолайлы жағдайлары анықталды: 250- 3000 С температура, 10 МПа қысым, катализатор (мырыш, хром, мыс оксидтерін) қолдану.
Реакция қайтымды болғандықтан, бастапқы заттар реактор арқылы өткен кезде, толық әрекеттеспейді. Оларды тиімді пайдалану үшін түзілген суретті бөліп алды және әрекеттеспеген газды қайтадан реакторға бағыттайды, яғни циркуляциялық (айналмалы) процесс жасау қажет. Энергия шығынын үнемдеу үшін экзотермиялық реакцияның қалдық өнімдерін синтезге жұмсалатын газды қыздыруға пайдалану керек.
Процестің ғылыми негізін айқындап алған соң,оның технологиясын қарастыруымызға болады.Компрессормен синтез газды сығып.әрекеттеспеген газбен араластырады және газ қоспасы қалдық газдармен қажетті температураға дейін қыздырылатын жылу алмастырғышқа қарай бағытталады.Одан әрі газ қоспасы синтез жүзеге асу үшін коллонаға түседі. Мұнда спирт циркуляциялы компрессормен технологиялық процеске қайтарылатын әрекеттеспеген газдардан бөлінеді.
Синтез коллонасы әр түрлі конструкциялы болып келеді,көбінесе аммиак синтездейтін коллонаға ұқсас түрі қолданылады.Аммиак және метил спирті синтезінің технологиялық сызбанұсқаларында ұқсастықтары көп екенін байқау оңай.
Алайда процестердің жүзеге асуында айтарлықтай айырмашылық бар.Метилл спиртін синтездеген кезде аммиактан айырмашылығы нәтижесінде көптеген қосымша өнімдер: молекулалық массасы үлкен спирттер, диметил және басқа эфирлер, көмірсутектер және т.б. түзілуі мүмкін жанама реакциялар да жүреді. Бұл катализаторларды іріктеп алуға ерекше жоғары талап қояды. Мұндай селективті катализаторлар қажет, олар көздеген реакцияларды тездетіп басқа мүмкіндігі бар процестерді бөгейді. Жоғарыда аталған катализаторлардың сондай қасиеттері бар.
- Біратомды спирттің құрылысы
| R – O - R |
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Химия (8 – сынып мектеп баспасы «2005»)
- Химия (10 – 11 сынып )
- Жалпы химия