Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Бір сәттегі адасу": Бақыт Тұрман күйеуінің "тоқалы" жайында айтты

"Бір сәттегі адасу": Бақыт Тұрман күйеуінің "тоқалы" жайында айтты

«KEZDESU» бағдарламасына қатысқан Бақыт Тұрман тоқал алу тақырыбына тоқталып, күйеуі Қайрат Әділгерейдің бұл жағдайға ойын жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.
Тоқал тақырыбына тоқталсақ, мен Қайратты көп ер адамнан ерекше деп көремін. Ол кәдімгі, қарапайым ер адамдардың ойында болуы мүмкін. Ал мен 20 жылдық отбасылық өмірде өзіме деген шексіз махаббатты көремін. Сондықтан бізді тоқал алу сияқты тақырыптар мүлде ойландырмайды, - деді ол.
Оның айтуынша, қоғамда ондай жағдайлардың болуы өкінішті. 
Меніңше, бұл – бір сәттегі адасу, сезімге қатты беріліп кету. Әйтпесе өзіңіздің отбасыңыздар артық нәрсе жоқ. Қайратқа ондай өмірді қайтесің деп айтамын, себебі қайта бала туады, оны бағып-қағып өсіру керек. Балаларың өсті, енді өзің рахаттанып жүрмейсің бе деп айтамын, - деп қалжындады Қайрат Әділгерейдің әйелі.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.