Көршілер бірнеше рет ескерткен: Ақтауда екі жасар бала көз жұмды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Бір қолмен жұлып алуға болады". Алматы облысында тұрғындар жаңа төселген асфальт сапасына наразы

"Бір қолмен жұлып алуға болады". Алматы облысында тұрғындар жаңа төселген асфальт сапасына наразы

Талғар ауданы Қарабұлақ ауылының тұрғындары жаңа асфальттың сапасын айтып, шағымданды. Желіде жарияланған видеода ауыл тұрғындары жаңа төселген асфальтты бір қолмен жұлынып жатқанын көруге болады.


Жергілікті тұрғындар кінәлілерге қатаң шара қолдануды талап етуде.

Шенеуніктер жағдайға қатысты пікір білдірді.

Видео Панфилов ауылдық округінің Қарабұлақ ауылының 8 Март көшесінде түсірілді. Мұнда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер тарап - ВЅ Group ЖШС. Келісімшарт биыл қыркүйекте жасалды. Жұмысты аяқтау 30 қарашаға жоспарланған. Бүгін аудандық автожолдар және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Асхат Досжанов оқиға орнына шығып, мердігермен және жергілікті тұрғындармен әңгімелесті. Мердігерге барлық анықталған олқылықтарды жоюға тапсырма берілді. Мәселе бақылауға алынды", - деп атап өтті Талғар ауданы әкімдігінде.

stan.kz

Автор
Еркебұлан