Оңтүстік Африка Республикасында бір отбасының жеті мүшесін үйінен ұрлап әкетіп, кейін өлтіріп, далаға тастап кеткен, деп хабарлайды kznews.kz IOL басылымына сілтеме жасап.
Қанды оқиға 21 сәуір күні Ньютаун ауданында болған. Тергеу мәліметінше, белгісіз адамдар үйге басып кіріп, жеті адамды байлап тастаған. Олардың арасында 20 жастағы қыз бен 83 жастағы қария да болған. Кейін қылмыскерлер оларды жәбірленушілердің бірінің көлігімен Мелмот ауданына алып кеткен.
Қылмыскерлердің бірі әйелдердің бірін екі рет зорлаған. Бұдан кейін олар отбасы мүшелерін банктік деректерін және PIN-кодтарын беруге мәжбүрлеген. Шоттарынан ақша шешіп алған соң, үш адамды атып өлтіріп, қалған төртеуін пышақтап өлтірген.
Отбасының жоғалғаны туралы таңертең үй қызметшісі келген кезде белгілі болған. Ол құлыптык бұзылғанын, тұрғындардың және көліктің жоқ екенін байқап, дабыл қаққан. Барлық жеті адамның мәйіті 22 сәуір күні табылған.
Көп ұзамай полиция 21, 26 және 28 жастағы күдіктілерді ұстады. Олардың бірінен жәбірленушілердің телефоны табылған. Тергеу барысында күдіктілердің бірі осы отбасыда жұмыс істегені және шабуылға қатысы болуы мүмкін екені анықталған.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ешкім ешқандай дыбыс естімеген, тіпті иттер де үрмеген. Қайғылы жағдай туралы тек таңертең, бүкіл отбасының жоғалып кеткені белгілі болған кезде ғана хабардар болған. Бұл оқиға бүкіл аудан үшін үлкен соққы болды.