«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бір миллион теңге ұтып алуға болады

Бір миллион теңге ұтып алуға болады

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Елде жаңа байқау жарияланды. Жеңімпаз жобаға бір миллион теңге беріледі. Әрбір өңірде онға жуық бастама іріктеп алынады

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Еріктілер мен ұйымдар игі істер байқауында бір миллион теңге ұтып ала алады. Бұл туралы азаматтық қоғам істері жөніндегі комитет төрайымы Әлия Ғалымова мәлімдеді.

Елде "Жаңа бастама" байқауы жарияланады. Ол барлық өңірде өтпек. Онға жуық бастама іріктеліп алынады.

"Еріктілер мен еріктілер ұйымына қаржылай қолдау көрсетіледі. Үздік жобаларға бір миллион теңге шамасындағы сома беріледі деп жоспарлап отырмыз. Жұмыс жақын арада басталады", - деді Ғалымова премьер-министрдің баспасөз қызметіне берген сұхбатында. 

Оның айтуынша, еріктілер тегін жұмыс істеуі керек деген түсінікті жою керек. 

"Егер жануарларға арналған орындар туралы айтар болсақ, оларға тамақ керек. Ал іздеумен айналысатын еріктілер үшін рация, көлік, арнайы киім сынды заттар қажет", - азаматтық қоғам істері жөніндегі комитет төрайымы

Елде "Жылдың үздік еріктісі" премиясы енгізілмек. 


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан