KZNews.kz
Жаңалықтар

"Бір ғана адам біледі": Атыраулық хакер желіде шұғыл мәлімдеме жасады

Қайсар Қанат

Атырау облысында жоғалып кеткен отбасыға қатысты жаңа дерек пайда болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Өзін "Атыраулық хакер" деп таныстырған желі қолданушысы қолындағы мәліметке сүйене отырып, кезекті пікірін білдірді. Оның айтуынша, бұған дейін жарияланған бейнежазбада отбасы мүшелерінің біріне тиесілі банктік картаның Бали аралында тіркелгені жөнінде ақпарат айтылғаннан кейін, банк қауіпсіздік мақсатында отбасыға қатысты барлық банк шоттарын бұғаттаған. Соның нәтижесінде карталар арқылы төлем жасау да, оларды пайдалану да толықтай тоқтатылған.

Сонымен қатар желі қолданушысы Наурыз бен Мейрамгүлді іздеу жұмыстары қазіргі уақытта жүргізілмей жатқанын алға тартты. Оның сөзінше, бұқаралық ақпарат құралдарында іздестіруді жалғастыруға қатысты жаңа сұраулардың түспеуіне байланысты іздеу шаралары тоқтатылған.

Осылайша, Наурыз бен Мейрамгүл әлі күнге дейін табылған жоқ. Ал көпшілікті мазалаған "Наурыз бен Мейрамгүл қайда?" деген сұрақтың нақты жауабын, «Атыраулық хакердің» пайымдауынша, Сұлтан ғана білуі мүмкін.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары