7 трлн теңгенің жыры: Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов қызметінен босатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Атырау облысындағы трагедия: Полиция шұғыл мәлімдеме жасады

Атырау облысындағы трагедия: Полиция шұғыл мәлімдеме жасады
smartnews.kz коллажы

Полиция дерегіне сәйкес, Атырау облысындағы отбасының өліміне күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев жұбайы Ақбаянмен бірге Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстан шекарасынан өткен, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қазіргі таңда күдіктіні ұстауға қатысты халықаралық деңгейдегі рәсімдер жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, оны жақын уақытта қолға түсіру жоспарланған.

Еске сала кетейік, Ақбаян із-түзсіз жоғалған адам ретінде ресми түрде іздеуде. Ал негізгі күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев халықаралық "қызыл деңгейдегі" іздеу тізіміне енгізілген. Бұл оның қай мемлекетте жүргеніне қарамастан, шекарадан өту, әуе немесе теміржол көлігімен қатынау, сондай-ақ қоғамдық орындарда анықталу кезінде бірден ұсталуы тиіс екенін білдіреді.

Сонымен бірге полиция өкілдері Ақбаянның денсаулығында белгілі бір кінәрат барын растады. Алайда оны әрекетке қабілетсіз деп тану жөнінде сот шешімі қабылданбаған және бірінші топтағы мүгедектік те ресми түрде тағайындалмаған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер