Жаңалықтар

Атырау облысындағы жоғалған отбасы: ТЖД шұғыл мәлімдеме жасады

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
Атырау облысындағы жоғалған отбасы: ТЖД шұғыл мәлімдеме жасады
Arasha.kz коллажы

Жангелдин ауылында жоғалған тұрғындарды іздеуге бағытталған іздестіру-құтқару шаралары тоқтатылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ведомствоның түсіндіруінше, іздеу жұмыстары Атырау облыстық полиция департаментінің ресми сұрауы негізінде жүргізілген. Құтқару бөлімшелері елді мекен аумағын толық тексеріп шыққан.

"Полиция көрсеткен барлық учаскелер қаралды. Қазіргі уақытта полиция департаментінен іздеуді жалғастыруға қатысты қосымша тапсырмалар немесе жаңа бағыттар түскен жоқ", – деп хабарлады Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Еске сала кетейік, бір отбасы мүшелерін іздеу былтыр 25 желтоқсанда туыстарының құқық қорғау органдарына жүгінуінен кейін басталған. Тергеу барысында қорадан үй иесі мен оның жұбайының мәйіттері табылған. Алайда олардың балалары – Наурыз бен Мирамгүл әлі күнге дейін табылған жоқ.

Сонымен қатар марқұмдардың күйеу баласы Сұлтан Сарсемалиевтің де қайда екені белгісіз. Ол кісі өлтіру дерегі бойынша күдікті ретінде қарастырылып отыр. Бұдан бөлек, оның жұбайы, қаза болған ерлі-зайыптылардың қызы Ақбаян да із-түзсіз кеткендер қатарында.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz