Алайда тоқсан сайынғы қаржыландыру көлемі 25 млрд теңгеден аспайды, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұл шектеу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №114 қаулысында белгіленген.
100 млрд теңге қалай жұмсалады?
Банктер ипотеканы алдымен өз қаражатынан береді. Кейін бағдарламаның операторы – «Қазақстанның орнықтылық қоры» сол қарыздар бойынша талап ету құқықтарын бекітілген лимит шегінде сатып алады. Банктерге алдын ала қаржы аудару көзделмеген.
Демек, жылдық лимиттің бекітілуі бүкіл соманың банктерге бірден берілетінін білдірмейді. Қаржыландыру тоқсан сайынғы шек аясында жүзеге асады.
Қандай үй алуға болады?
Бағдарлама бастапқы нарықтағы пайдалануға берілген тұрғын үйді сатып алуға арналған. Негізгі шарттары:
Жылдық номиналды сыйақы мөлшерлемесі – 7%;
Бастапқы жарна – баспана құнының кемінде 20%-ы;
Қарыз мерзімі – 25 жылға дейін.
Бағдарламаға бір рет қана қатысуға болады. Серіктес банктер қатарында Қазақстан Халық Банкі, Банк ЦентрКредит, Фридом Банк Қазақстан, Bank RBK, Altyn Bank, Еуразиялық банк және ForteBank бар.
Бағдарлама іске қосылғаннан бері 87 мыңнан астам ипотекалық кредит берілген. Олардың жалпы сомасы 1,26 трлн теңгеге жеткен. Толық талаптарды baspana72025.kz сайтынан немесе +7 (727) 227-20-25 байланыс орталығынан білуге болады.