KZNEWS.KZ
Қоғам

"Билет адам санынан көп сатылған": Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастыруға жауапты адам қамауға алынды

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды kznews.kz

Полиция мәліметінше, Қайрат Нұртастың концертінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

“Сатылған билеттер саны концерт өтетін орынның белгіленген сыйымдылығынан едәуір асып кеткен. Соның салдарынан адамдар көп жиналып, көрермендерге қатер төнген. Адамдардың көп жиналуы салдарынан 18 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Әлеуметтік желіде адам қаза тапқаны туралы тараған ақпарат тарады. Бірақ ол шындыққа сәйкес келмейді. Қаза тапқандар жоқ. Концертті ұйымдастырушы, 1984 жылы туған Л. есімді азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген жауапта. 

Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу барысы Шымкент қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Полиция азаматтарды тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →